"Пернетақтадағы Соло" байқауы

18 қарашада мектебімізде 5-11 сынып оқушылары үшін «Пернетақтадағы соло» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - компьютерде жұмыс істеу дағдыларын дамыту және ақпараттық технологияларды үйренуге ынталылықты арттыру.Байқауда келесі тапсырма түрлері болды: 1) пернетақтада жабық көзбен, он саусақтың бәрін іске қоса отырып теру ; 2) Қатысушылар пернетақтадағы мәтін теру жылдамдығы мен дәлдігін көздері жабық күйінде “Күз” тақырыбында эссе жазып жарысты. Байқау нәтижесінде 8-11 сыныптар арасында 1 орын 11 «А» сынып оқушысы - Травкин Георгий, 2 орын 10 «Б» сынып оқушысы - Умербеков Әмір, 3 орынға 8 «Г» сынып оқушысы - Файзулла Бахтияр иеленді!!! 5 сынып қорытындысы бүгін сағат 13: 45-те мектеп оқушыларының жиынында жарияланады! Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!